Жаңалықтар

Өзбекстанда еңбек мигранттары үшін орталық ашылды

Ресей Ферерациясына баратындар үшін

«Ташкент қаласында  миграциялық орталық ашылды»,-деп хабарлайды Өзбекстан Республикасының сыртқы еңбек көші-қон агенттігі. Мекеменің негізгі мақсаты – Ресей елінде жұмыс істегісі  келетін өзбек азаматтарын дайындау.

Бұл орталық  шетелге шығатын құжаттарды дайындауға көмектеседі.  Мысалы, сақтандыру полисін рәсімдеуге . Сондай-ақ,  осы мекемеде азаматтар еңбек құжаты мен көші-қон карточкасы туралы ақпараттарды алады.

Өзбекстан Республикасының Еңбек министрлігі мен Ресейдің Халықтар достығы университетінің арасындағы келісім бойынша орталықта орыс тілі, Ресей Федерациясының тарихы мен заңдары оқытылады. Курсты бітірген студенттер патент  құжатын алуға өтініш беру үшін куәлік алады.

Осыған  дейін «Курсив» сайты Өзбекстанның 2,6 миллион азаматы шетелде жұмыс істеп жатқандығы жайлы жазған. Оның ішінде 2 миллионнан астамы Ресейде. Сонымен қатар, өзбек азаматтары Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, Түркияда және басқа елдерде жұмыс істейді.