Короновирусты балалар мен ересектер де бірдей жұқтыруы мүмкін

Жарияланды
Халықаралық сарапшылар COVID-19 індетін әлі зерттеуде

Халықаралық зерттеушілердің мәліметі бойынша, ересектермен қатар кішкентай балалардың COVID-19 жұқтыру қауіпі бірдей екен. Бұл туралы «Интерфакс» жазады. 

Шэньчжэнь қаласынан алынған деректерді сараптай келе, ғалымдар індеттің жаңа түрімен 10 жасқа дейінгі балалар жиі ауырғаның анықтаған. 

Ғылыми зерттеуге Америкадағы Джонс Хопкинс атындағы университет пен Шэньчжэньдегі ауруды бақылау орталығының эпидемиологтары және  Харбин политехникалық университетінің бөлімшесі қатысты.

Зерттеулердің басым бөлігі аталмыш қалада жүргізілген. Мамандар тек жұқтырған науқастарды (391 адам) ғана емес, сонымен қатар олармен тығыз байланыста болған адамдарды (1286 адам) зерттеген. Нәтижесінде, 10 жасқа дейінгі балалардың 7% дертке шалдыққан. Ал, үлкендер 8% құрап отыр. 

 «Балалар да, ересектер сияқты COVID -19 вирусын оңай жұқтыруы мүмкін екенінің алғашқы дәлелі»,- дейді Гонконг университетінің эпидемиологі Бен Каулинг.

Әлем бойынша COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 98 мыңға жетті. Қытайда ауруға ұшырағандар 80,5 мыңнан асып отыр. Олардың 3,3 мыңы өмірден өтті.  

 

Сондай-ақ оқыңыз