«Коронавирус індетін жұқтырғандар саны 100,7 мың адамға жетті»,- деп хабарлайды Қытай денсаулық сақтау комиссиясы.
6 наурыздағы ақпарат бойынша Қытайда инфекцияны тағы 99 адам жұқтырып, оның 28-і қайтыс болған. Сонымен қатар, өткен тәулікте 1678 адам дерттен емделіп шықса, ал 4873 емделуші карантиннен босатылған. Бұл жайында Қытай билігі хабарлады.
Жалпы алғанда әлем бойынша қайтыс болғандардың саны 3 455, ал жұқтырғандар -100,7 мың адамнан астады екен.