Жаңалықтар

Тоқаев қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Ол «гендерлік теңдікті қамтамасыз ету» мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы болып табылатындығын атап өтті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп Ақорда хабарлайды.

«Құрметті әйелдер қауымы! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйелдер қауымы әрдайым отбасы ұйытқысы, береке бірліктің шырақшысы. Әрбір адамның өміріндегі ең жақсы әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер зор үлес қосып келесіздер»,- дейді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, президент олардың еңбектерін атап өтті.

«Ел басына күн туғанда нәзік жандар қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласа білді. Қажырлы еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімі тарих беттерінде мәңгілікке жазылып, жадымызда қалады»,- дейді Тоқаев.

Мемлекет басшысы әйелдерге жаңа мүмкіндіктерге жол ашылғанын да тілге тиек етті.  

«Тәуелсіз Қазақстанда әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Отбасы институтын, көп балалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы болып табылады. Біздің елде әрқайсыңыздың шығармашылық және кәсіби біліктіліктеріңізді арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Болашақта қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында жетістікке жеткен жаңа есімдерді еститінімізге сенеміз. Баршаңызға зор денсаулық, береке және табыс тілеймін»,-деді президент.