Ақша айырбастау пунктерінде доллар мен еуро бағасы көтерілді
Еліміздегі ақша айырбастау пунктері 9 наурызда шетелдік валюта бағалары жайлы мәліметтерді жаңартты.
Нұр-Сұлтан қаласында таңғы сағат 10:35-те доллар бағамы 395,4-тен 399 теңгеге дейін саудаланған. Бұл туралы Kurs.kz сайты жариялады. Ақпаратқа сәйкес, «Америкалық ақшаны» 389,5 – 393 теңгеге сатуға болады. Тіпті кейбір айырбастау орталықтарында (№2 Хан Эксчейндж, Som Exchange, «Ершін» Заман, №2Almaz Ali, ARNUR EXCHANGE) доллардың курсы анықталмаған.
Бүгін таңғы сағат 9:20-да АҚШ валютасы күрт өскен.
Соған сәйкес, еуро да қымбаттады. Оны 432.9 – 445 сатқан. Еуро бағамы теңгеге шаққанда 442,1 – 450 -ге саудаланды.
Еске сала кетейік, Қазақстанның қор биржасында мұндай бағамен сауда-саттық бірде-бір рет өткізілмеген. Соңғы рет 2019 жылдың 6 наурызда кешкі сағат 17: 00 орын алған еді. Бірақ, бұл кезде айырбастау пунктері жабылған.