Бекшин Қазақстанда коронавирустың шығу мерзімін атады 

Жарияланды
Осы апта болуы бек мүмкін

Қазақстандық Бас санитар: 11-16 наурыз аралығында Қазақстанға коронавирус кіруі мүмкін деген болжам айтты

Қазақстандық ғалымдардың болжамы бойынша, 11-16 наурыз аралығында коронавирус кіруі мүмкін екен. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

«Біздің болжамымыз бойынша, 11-16 наурыз аралығында бізде  коронавирус тіркелуі мүмкін. Бірақ бұл болжам ғана. Бір апта ары, бір апта  бері », – деді ол.

Алайда, Бекшин бұл тек болжам екенін айтты.

 «Бұл ауру фактілерінің болатынын білдірмейді. Енді ол болжам. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Бірақ қашан болатыны – белгісіз. Біздің ғалымдар инфекция 10 наурызда немесе 16 наурызда шығуы мүмкін дейді. Бірақ бұл болжам. Болжамдар – ол орындалуы да мүмкін, орындалмауы да мүмкін ».

Ғалымдар бұл болжамды арнайы формулаларды әрі математикалық модельдерді қолдана отырып шығарған.

 
Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда жұқпалы коронавирус тіркелген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз