Бүкіл Италия карантинге жабылды
«Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте бүкіл ел бойынша қозғалысқа қатаң шектеулер енгізілетінің мәлімдеді»,- деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан».
«Шектеу шаралары қазіргі уақытта бүкіл Италияға қатысты »,- деді Конте.
Оның айтуынша, итальяндықтар төтенше жағдайлар мен жұмыс барысын қоспағанда, үйлерінен шықпауы тиіс.
Бұрын шектеулер Ломбардия мен солтүстік провинцияларда қолданылды.
Бүкіл ел бойынша мектептер мен университеттер 3 сәуірге дейін жұмыс істемейді. Қозғалыс тек жұмыс кезінде, емделуге немесе адамдар жоспарларын тоқтата алмайтын жағдайлар туындағанда ғана рұқсат етіледі.
Сонымен бірге, қоғамдық көліктер итальяндықтар жұмысқа оңай жетуі үшін қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Сондай-ақ, барлық спорттық іс-шаралар уақытша тоқтатылды, оның ішінде Серия А, футболдан Италия чемпионаты.
«Статистика бойынша, өкінішке орай ауыр науқастар мен қайтыс болғандардың саны артып келеді »,-деді Конте.
Итальяндықтардың шетелге кетуіне тыйым салынбаған. Италияға кіретін адамдарда коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тексерістен өтеді.
Италияда жалпы жұқтырғандар саны – 9 172 жетті