Қазақстанның бірнеше аймағында тасқын күтілуде

Жарияланды
«Тұтыну нарығы» бөлімінің редакторы
Ел аумағының жартысынан көбі қар астында қалмақ

Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында тасқын болу мүмкін екен. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеген болатын.

 «Қазір біз Қазгидрометпен бірігіп күшейтілген жұмыс кестесіне көштік. Мамандардың болжамына сәйкес, Қазақстанның аумағындағы қар жамылғысының көлемі 54% -ға дейін азайған», – дейді ол.

Ильиннің айтуынша, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар да және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны болады деп болжануда екен.

 «Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, өзен арналарындағы қар жамылғысын түсірдік. Профилактикалық жарылыс Шығыс Қазақстан облысының аумағында және жартылай Қарағанды облысының аумағында жүргізілді. Бүгіннен бастап жұмыс Ақмола облысының аумағында жоспарланған. 20 наурызда Павлодар мен Қостанай облыстарында жүргізілмек».

Солтүстік Қазақстан облысында алдын-ала жарылыс жұмыстары наурыз айының аяғында өтеді. Себебі, ол жақта қар жамылғысы мен мұз құрамы аса күрделі болып тұр.

  «Ертеңнен бастап күн жылынады. Ал, апта соңында күннің жылынуы 5 градусқа дейін көтерілмек.  Түндегі температура әлі минус болып табылады. Алайда, кешке қар қатып қалады. Бұл жинақталған қар қорында су аз болады », – деп толықтырды Ильин.

Елімізде 609 елді мекенді су басу қауіпі жоғары екен. Сонымен қатар, 675 автомобиль және темір жол учаскелері. Бұл туралы  Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз