Ақша айырбастау орындарының жартысынан көбі бағалардың күрт өсуінен кейін доллар сатуды тоқтатты.
Доллар сағат 10:35-те рекордтық көрсеткішпен 395,4 – 399 теңге аралығында саудаланды. Сағат 16:25-те ақша айырбастау орындарының бағаны біршама түзеді, енді америкалық валютаны 394 – 394,5 теңге аралығында сатып алуға болады.
Еуро биржада өсуді жалғастыруда. Бұл валюта қазірдің өзінде 452 теңгеден 455 теңгеге дейін шарықтады.
Еске салайық, доллар 9 наурыздан бастап күрт өсе бастады. Қазақстан қор биржасында мұндай бағамен сауда-саттық әлі өткізілген жоқ.