Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы медициналық маскаларды шығара бастамақ 

Оның көлемі 500 мың дана.

Шығыс Қазақстан өзін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпек. Қытайдан шикізат жеткізумен айналысқандықтан әрі аурудың алдын-алу үшін дәкені байлап тігу технологиясын қайта қолға алмақ екен. 

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрмановтың айтуынша, қазіргі уақытта Өскемен және Семей қалаларында жұмыс істейтін жеңіл өнеркәсіптің үш кәсіпорны дәке тігу жұмыстарымен айналысуға дайын екен. Бірінші кезекте жарты миллионға жуық дәкеден бетперде шығару жоспарлануда.

«Біз Шығыс Қазақстан облысы бойынша тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау және қауіпсіздік бөлімі департаментінен түсініктеме алдық. Дәке маскасы тоқылған емес таңғыш сияқты қорғаныс сипаттамаға ие екен.Сондықтан қазіргі уақытта фармацевтикалық компаниялармен талапқа сай сапалы дәке жеткізу туралы мәселе шешілуде», – деді Ержан Шұрманов.

Қазір тігін фирмалары баға жайлы ұсыныстарын ұсынып, жұмысқа кірісуге дайын. Шикізатпен байланысты негізгі мәселе шешілген сәтте кәсіпкерлер екі апта ішінде 500 мың дана дәке таңғышын шығаруға кепілдік беріп отыр.

Бұған дейін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық өндірушілерге масканы дистрибьюторлық компанияларға сатуға тыйым салғаны туралы хабарланған болатын.