Ұлттық Банк пен Үкімет халыққа үндеу жариялады

Жарияланды
Қаржы реттеушісі қажетті валюталық интервенцияларды жүзеге асырады

Үкімет пен Ұлттық Банк макроэкономикалық тұрақтылық пен салықтық-бюджеттік саясатының тиімділігін, инфляциялық процестерді басқару және елдегі әлеуметтік тұрақтылық сақталады деп мәлімдеді.

Үкімет пен жергілікті билік өкілдері, әсіресе әлеуметтік маңызы бар  салалардың тұрақты болуын, оның ішінде тауарлар мен қызметтердің бағасының негізсіз өсуіне жол бермейді. Олар азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын қатаң бақылайды. Сондай-ақ,  қызметкерлер санының қысқаруына жол бермей, жалақының уақытылы төленуін қамтамасыз етпек.

Ұлттық  банк валюта нарығының тұрақтылығы мен  қаржылық тұрақтылықтың дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді. Реттеуші сондай-ақ, теңгенің бағамына қатысты алып-сатарлық операцияларды болдырмауға арналған қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.

Ұлттық Банк пен Үкімет тұрақты түрде сыртқы нарықтағы ахуалды және оның Қазақстан экономикасына әсерін қадағалап отырады.

 

Сондай-ақ оқыңыз