Футболдан Еуропа чемпионаты 2021 жылға ауыстырылуы мүмкін
Жарияланды
Жарыс кестесіне короновирус індеті айтарлықтай түзетулер енгізді
Еуропалық футбол федерациясы УЕФА-дан Еуро-2020 чемпионатын кейінге қалдыруды сұрады.
Спортшылар COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтыру қауіпі бар. Бірақ УЕФА федерациясы матчтардың санын қысқартпай, клубтық маусымды қалыпты түрде аяқтағысы келеді.
Еуропалық футбол федерациясы Еуро-2020-ны 2021 жылға ауыстыруды ұсынды.Бірақ УЕФА басшылығы әзірге мұндай қадамға баруға дайын емес. Сонымен қатар, ұйым президенті Александр Чеферин турнирді белгіленген тәртіпте – 12 маусымнан 12 шілдеге дейін он бір мемлекеттің ,он екі стадионында өткізуді талап етеді.