Қазақстанда коронавирусқа байланысты қанша адам бақылауға алынған?

Жарияланды
Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі көрші мемлекеттерден келген азаматтарды бақылауды жалғастырып жатыр.

«Барлық санаттар бойынша 4650 адам тексерілді, оның ішінде: 1«а» санаты –1217, 1«б»санаты – 189,  2-санат – 3244 адам. Қадағалаудан жалпы саны 676 кісі шықты. 11 наурыздағы жағдай бойынша, барлығы 3974 адам бақылауда тұр. Сондай-ақ, 90 адам дене қызуы және жедел респираторлы вирустық инфекциямен ауруханаға жатқызылды, олардың 20-сы –1 «б» санатында, 2-ші санатта –36 және 3-ші санатта – 34 адам бар. Ауруханаға жатқызылған адамдардың 90-нан 52-сі шығарылды. 38 адам ауруханада қалды», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі қосымша бақылау үшін барлық емделушілердің қан талдауларын Алматыдағы Орталық референс зертханасына жіберген. Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы және Ұлттық биотехнология орталығы  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған хаттама негізінде COVID-19 ПТР диагностикасын енгізді және бірлесіп зерттеу жүргізіп жатыр.

Қазақстанда терапияға қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар жеткілікті. Жұқпалы аурулар ауруханаларында оқшаулағыш жәшіктері бар орындар, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер де сақадай сай.

Сондай-ақ оқыңыз