Қазгидрометті алғаш мәрте әйел басқарады
1922 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Гидрометеорологиялық қызметінің тарихында алғаш рет әйел басшы болып тағайындалды,- деп хабарлайды Қазгидромет баспасөз қызметі.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) құрамына кіретін 192 елдің ішінде Данара Әлімбаева осындай ұйымды басқаратын нәзік жандардың бірі.
Данара Қизатқызы Әлімбаева 1977 жылы 8 тамызда дүниеге келген, «метеорология» және «қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі, сондай-ақ «қолданбалы экология» бағыты бойынша магистр дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2002 жылы «Қазгидромет» РМК-да техник-метеоролог лауазымынан бастады.
2003-2009 жж. инженер-метеоролог, 1 санатты инженер-метеоролог, жетекші инженер метеоролог, Метеорология басқармасының басшысы болды.
2011-2015 жж. Метеорология департаментінің директоры.
2015-2017 жж. Экологиялық мониторинг департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарды.
2017 жылғы 18 қыркүйектен бастап «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары болған.