Жаңалықтар

Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада кейінге шегерілмек

Коронавирус індетіне байланысты

Бүкіл әлемге Covid-19 вирусының таралуына байланысты Токиода биыл жоспарланған Олимпиада бір-екі жылға кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл туралы Уолл-стрит журналы Жапон Олимпиада комитетінің мүшесі Харуйуки Такахашиге сілтеме жасап хабарлады. 

«Ойындар тоқтатылады деп ойламаймын, бұл кейінге қалдырылады. Егер ойындар өткізілмесе, Халықаралық Олимпиада комитетінде үлкен мәселелер туындайды»,-делінген баспасөз бетінде.

Дегенмен, жапониялық Олимпиада комитеті бұл мәлімдемеге әлі ресми түрде түсінік берген жоқ. Бірақ, халықаралық жарыстар биыл шілде-тамыз айларында өтеді деп бірнеше рет айтылған болатын.
Дүниежүзі бойынша, коронавирус індетін 119 мың адам жұқтырса, оның 4,2 мыңы қайтыс болды.