Жаңалықтар

Еуропадағы қазақстандықтар Отанына орала алады

Еуропадағы қазақстандықтар отанына орала алады

Қазақстанды аптасына 25 рейс ЕО елдерімен байланысады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Берік Қамалиев бірінші санаттағы елдердегі қазақстандықтарды үйлеріне оралуына  мүмкіндік барын хабарлады. 

«Бізді Еуроодақ елдерімен аптасына 25 рейс, ал Англиямен  арада аптасына төрт рейс ұшады. Еуропада және басқа елдерде тұратын қазақстандықтарды осы рейстермен елге оралуға мүмкіндік бар », – деді ол.

Сонымен бірге, Қамалиев ЕАЭО елдерімен рейстер әлі қысқартылмағанын атап өтті.

«Біз Ресей Федерациясымен өте тығыз байланыстамыз. Бұл елге ұшатын 160 рейс бар. Ол Мәскеу, Санкт-Петербург және басқа қалалар бар. Барлық дерлік облыс орталықтарының Ресей Федерациясымен байланысы бар. Сондықтан ЕАЭО азаматтары үшін ешқандай шектеу жоқ. Бұл рейстер әлі де орындалуда », – деді ол.
Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, 16 наурыздан бастап Түркия мен БАӘ-ге рейстер саны азаяды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай мен Иранға жоспарланған барлық рейстер тоқтатылған болатын. Әзірбайжан мен Оңтүстік Кореямен әуе қатынасытары кеміді.