Италия коронавирусқа байланысты 25 миллиард еуро жоғалтады

Жарияланды
Бұл қаражат экономиканы құлдыраудан сақтауға  жұмсалады

Италия COVID-19 коронавирусының кесірінен экономикалық зардаптармен күресуге 25 миллиард еуро жұмсайды, деп мәлімдеді елдің қаржы министрі Роберто Гуальтиери. 

Министрлер кабинеті ынталандыру шараларына шамамен 12,5 миллиард еуроны мақұлдайды деп                    күтілуде,- деді Гуальтиери.

Үкімет талқылаған шаралар қатарына, коронавирус әсерінен уақытша жұмыссыздарды қолдау үшін қаражат бөлу, шағын және орта кәсіпорындарына көмек беруге жұмсалады.

Италия билігі  коронавирусқа байланысты бүкіл елде шектеу енгізді. Жалпыұлттық карантин дегеніміз – мектеп, театр мен мұражайлардың жабылуы, көпшілік шараларға тыйым салу. Сонымен қатар, адамдарға қоғамдық орындарда кемінде бір метр қашықтықта болуға және мүмкін болса, үйден жұмыс істеуге кеңес береді.
 

Сондай-ақ оқыңыз