Қазақстанда әлі жарты жылға жететін азық-түлік бар

Жарияланды
«Тұтыну нарығы» бөлімінің редакторы
Алайда әлі де болса тауық еті мен қантты шетелден тасып отырмыз

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткілікті. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

 
«Бізде әлеуметтік маңызды азық-түліктің 19 түрі бар. Олар толық жарты жылға жетеді. Қазір ешкім қол қусырып отырған жоқ. Барлық аудандағы әкімдерге тапсырма берілді,»- деді ол. 

Алайда ол тауық еті мен қантты сырттан тасымалдайтынымызды жасырған жоқ.

«Азық-түліктің қауіпсіздігі – бірінші орында тұрған мәселе. Сондықтан бәрі қатаң бақылауда. 19 түрлі азық-түліктің ішінде құс еті мен қант та бар. Біз оны импорттағанымызбен, ол проблема күйіп тұрған жоқ. Азық-түлікке қатысты барлық мәселе біздің назарымызда», –деп сөзін аяқтады Тоғжанов

Еске сала кетсек, әлемде коронавирус пандемиясының тарауына орай, кейбір елдерде азық-түлік жетіспеушілігі орын алған еді.  
 

Сондай-ақ оқыңыз