Сарапшылар Токиода 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін биылғы жазғы Олимпиада ойындары өтпеген жағдайында, шығын көлемін атады. Бұл туралы Киодо хабарлады.
Токиода коронавирустың салдарынан олимпиада өтпесе, Жапония 7,8 триллион иен (74,8 миллиард доллар) шығынға ұшырайды.
Халықаралық Олимпиада комитеті ойындарды 2020 жылдың күзіне немесе 2022 жылдың жазына ауыстыру мүмкіндігі бар. Соңғы шешім сәуір айының соңына дейін қабылдануы тиіс.