Үкімет қазақстандықтарға той жасамауға кеңес берді
Жарияланды
Кейінге қалдыруды сұрап отыр
«Той десе қу бас домалайды» демекші, коронавирус пандемиясы қазақты да тойдан шектейін деп жатыр.
Вице-министр Ералы Тоғжанов бүгінгі мәлімдемесінде халықтан той-томалақ, мерекелік думандардың барлығын кейінге қалдыруды сұрады. Бұл туралы Интерфакс-Қазахстан агенттігі жазды.
«Әр адам дұрыс түсінуі керек. Бүгінде халықтың денсаулығына қауіп төніп тұрған кезде, той, мерекелік думандарды шектеп, кейінге шегере тұру абзал болады», -деді Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз-конференциясында.«Біздің елде қонақ шақырғанда алдымызға жан салмаймыз. Адам көп шақырылатын мерекелік шараларды жағдай оңалғанша басқа уақытқа ауыстыруларыңызды сұраймыз»-деп қадап айтты