Тоқаев: «Ата-аналардың біріне ақылы еңбек демалысын беру қажеттігі түсіндірілуі тиіс»

Жарияланды
Коронавирус қаупіне байланысты оқушылар 16 наурыздан каникулға шығады

Мемлекет басшысы балаларына қарау үшін үйінде отыруға мәжбүр ата-аналардың біріне ақылы еңбек демалысын беру қажеттігін жұмыс берушілерге түсіндіруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда. 

Президенттің төрағалығымен Шұғыл әрекет ету штабының кеңесі өтіп, онда мемлекет басшысы әлемнің жаһандық экономика мен геосаяси ахуалды қайта өзгертудің күрделі кезеңін бастан кешіріп отырғанын атап өтті. Қазақстанның алдында мүлдем жаңа талаптар кезеңінде экономиканы орнықты даму режимінде сақтау міндеті тұр.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі шешімнің ақталғанын және дер кезінде қабылданғанын, оның отандастарымыздың денсаулығын сақтауға бағытталғанын атап өтті.

Президент кәсіпорындар мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қосымша шаралар қабылдау қажет деп санайды.

Мемлекет басшысы балаларына қарау үшін үйінде отыруға мәжбүр ата-аналардың біріне ақылы еңбек демалысын беру қажеттігін жұмыс берушілерге түсіндіруді тапсырды. Үкімет фискалды механизмдер арқылы кәсіпорындарға қолдау көрсету шараларын қабылдауы керек.

Президент медициналық мекемелер мен азаматтарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін шұғыл шешуді, медициналық нысандардың дайындығын тексеруді талап етті.

Мемлекеттік қызметшілер мен басқа да лауазымды тұлғалардың шетелдерге іссапармен баруына тыйым салынады, тек азаматтарымыз бен еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сапарларға ғана рұқсат беріледі. 

Сондай-ақ оқыңыз