Алматыда коронавирус дертін жұқтырғандар саны жетіге жетті. Ал, 676 адам карантинге жабылған. Бұл туралы COVID-19 таралуына қарсы аймақтық штабы хабарлады.
Бүгінде коронавирус жұқтырған алты науқас жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде. 2008 жылы туған қыз Алматыға ата-анасымен Германиядан келген екен. Ол әуе кемесінен түсе сала дереу балалар жұқпалы аурулар ауруханасына бөлек қорапта жеткізілген. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қанағаттанарлықтай. Борт ішінде экипаж мүшесін қосқанда 12 адам болған. Олардың барлығынан сараптама алынып әрі бөлек оқшауланған.
Қазір жеті науқас хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда. Оларға вирусқа қарсы және симптоматикалық терапия дер кезінде басталған.
Инфекция жұқтырған адамдармен байланыста болған барлық азаматтар ауруханаларда 14 күндік карантинге орналастырылды.
Қазіргі уақытта Алматыда 676 адам карантинде жатыр.