Жаңа коронавирустың алдын-алу және оны емдеу шаралары жайлы бірқатар қате түсініктерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жоққа шығарды.
Суық ауа-райында далада болу вирусты өлтіре алмайды,- деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Дені сау адамның дене температурасы 36,5-37 градусты құрайды.
Инфекциядан ыстық ванна да сізді құтқармайды. Бірақ тым ыстық су зиян келтіріп, күйікке әкелуі мүмкін екен. Сонымен қатар, ыстық ванналар бірқатар ауруларға қарсы.
Сарымсақтың кейбір микробқа қарсы қасиеттері бар екеніне қарамастан, вируспен күресу мүмкін емес. Сонымен, індеттің алдын-алу шарасы ретінде сарымсақ тұтынудың тиімділігі туралы дәлелдер табылмаған.