Halyk Bank коронавирус жұқтырған қызметкер туралы хабарлады

Жарияланды
Ол сыртқы ұйымның қызметкері

Жаңа коронавирус жұқтырғандардың бірі – Алматыдағы Halyk Bank кеңсесінде  халыққа кеңес беретін қызметкері. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» хабарлайды.

 «Халық Банк әрқашан клиенттермен қарым-қатынаста өзара түсіністікке ұмтылады. COVID-19 коронавирусын жұқтырудың анықталған жағдайларының бірі біздің банктің Алматыдағы ғимараттарының бірінде консультациялық қызметтер көрсететін сыртқы ұйымның қызметкерінде анықталғандығы туралы халыққа хабарлауды қажет деп санаймыз. Науқас, сондай-ақ онымен байланысқан барлық қызметкерлер тестілеу процедурасынан өткен, қазір уақытта карантинде»,-деп  хабарлады Халық банк.

«Сонымен қатар, біз сырқаты анықталған сыртқы компанияның қызметкері де, жақын жерде орналасқан банк қызметкерлері де, клиенттермен байланысқа шықпағаны туралы хабарлаймыз. Өз кезегінде банк клиенттер мен қызметкерлердің денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдады. Кеңселерде санитарлық тазарту жүргізіледі. Банк филиалдары мен банкоматтар әдеттегідей жұмыс істейді, барлық операциялар клиенттерге қол жетімді»,-деп мәлімдеді қаржы институты.
 

Сондай-ақ оқыңыз