Жаңалықтар

Қазақстан халқын астықпен қамтамасыз ету үшін қор жеткілікті

604 мың тонна қор бар

Елдегі халықты астықпен қамтамасыз етуге тұқым мен азық-түлік қоры жеткілікті. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі үкімет сағатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда 10,2 млн тонна астық, оның ішінде 7,8 млн тонна бидай бар. 1 шілдеге (жаңа маркетингтік жылдың басталуына) дейін астықтың көлемі шамамен 5,8 млн тонна, ал бидай 3,8 млн тоннаны құрайды», – деді ол.

Сонымен қатар, Омаров елімізде астықтың экспорттық әлеуеті 3,1 млн тоннаны, оның ішінде бидай 2,7 млн тоннаны құрайтынын да жеткізді. 

Айта кетейік, Қазақстан 2020 жылы астық жеткізу бойынша экспорттық міндеттемелерін орындай алмай қалуы мүмкін екен.