Жаңалықтар

Қазақстанда сауда орталықтары төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істейді

Министрлік санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі басқа да ұсыныстарды хабарлайды

Сауда және интеграция министрлігі төтенше жағдай кезінде дүкендер мен сауда орталықтарының қалай жұмыс істейтінін айтты.

Сауда министрлігі мыналарды ұсынады:

*санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, ірі сауда нысандары сағат 10 .00 ден 18.00  дейін жұмыс істегені жөн;

*сауда орындарында кинотеатрлар, балалар орталықтары, кез-келген ойын-сауық орындары жабық болуы керек;

*азық-түлік дүкендері, супермаркет мен базарлар санитарлық және дезинфекция шараларын күшейте отырып, әдеттегідей жұмыс істеуі керек;

*нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сырты қапталған күйінше сату; 

 *азық- түлік сатпайтын базарлар сағат 11.00 кешкі 17.00-дейін жұмыс істегені дұрыс;

Еске салайық, Қазақсан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада төтенше жағдай енгізу туралы қаулыға қол қойды.