Жаңалықтар

Қазақстанға саяхаттаған Үндістан азаматшасы коронавирус жұқтырып қайтқан

Ол өз Отанында ем алып жатыр

59 жастағы Аурангабад қаласының тұрғыны Қазақстаннан еліне оралғаннан кейін, бірден  Дхут ауруханасына түскен.

Егде тартқан әйелден дәрігерлер коронавирус анықтаған. Бұл туралы indiatoday.in басылымы жазды.
Үндістан азаматшасы Ресей мен Қазақстанға саяхаттап келіп, кеткен. 
 

Бүгінгі күні Үндістанда 107 адам жұқпалы індетке шалдыққан. Олардың көбі Махараштра мен Керал штатында ауырып жатыр.