Бүгін айырбастау пункттері доллар бағамын тағы да көретіп жіберді. Kurs.kz сайтындағы дерек бойынша, таңертеңгісін долларды 438-440 теңгеге сатып алып, 415-430 теңгеге сатуға болатын.
Қазір көптеген айырбастау пункттері доллар сатуды тоқтатты.
Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар/теңге жұбы бойынша сауда-саттық өткенімен, көкқағаз сатып алғысы келгендердің қарасы көп болмады. FINANCE.KZ телеграм-каналының жазуынша, KASE-де бүгін жалпы саны 9 сауда-саттық келісімі жасалып, 1 долар 431 теңгеден басталып, 438 теңгеге сатылған. Сауда-саттық келісімдерінің жалпы құны 3 млн долларды құраған.
Түстен кейін сессия қорытындысы бойынша ұлттық валюта 29,13 теңгеге, яғни 6 пайызға құнсызданғаны белгілі болды.
Теңгенің долларға қатысты орташа бағамды курсы 435, 59-ды құрады.
Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша, айырбастау пункттерінде долларды 434 теңгеге сатып, 437 теңгеге сатып алуға болады. Ал еуроның бағамы 495 теңгеге жетті.