Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені және пайыздық дәлізді жылдық 12% + /- 1,5 п.т. деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
Сыртқы секторда қалыптасқан белгісіздік және COVID-19 коронавирусының, сауда соғыстарының таралуына, геосаяси шиеленістің өсуіне байланысты іске асырылған тәуекелдер жағдайында халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша әлемдік экономиканың айтарлықтай және ұзақ уақытқа баяулауы күтіледі. 2020 жылы әлемдік ІЖӨ-нің өсу қарқыны 2008 жылғы әлемдік дағдарыс уақытынан бастап нашар көрсеткішке алып келуі мүмкін, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар регулытор өткен аптаның басынан әлемдік тауар және қаржы нарықтары құбылып тұрғанын айтып өтті. Мұнай бағасының серпіні ОПЕК+ келісіміне қатысушылар арасындағы уағдаластықтың болмауына және Ресей мен Сауд Арабиясы арасында өріс алған баға соғысына байланысты оқиғалардың ықпалында болды. 2020 жылғы 9 наурыздан бастап Brent сұрыпты мұнайдың бағасы бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары деңгейінде бекітілді. 2020 жылғы 16 наурызда таңертең мұнайдың белгіленген бағасы бір баррель үшін 32,88 АҚШ долларын құрады. Инвесторлар арасындағы теріс күтулер нәтижесінде әлемдік қор нарықтарындағы индекстер соңғы 30 жылда ең көп төмендеуді көрсетті.
2020 жылғы 10 наурызда базалық мөлшерлеменің 12%-ға дейін артуы нарықтарда үрейдің таралуына алдын ала әсер етті және нарық агенттерінің стратегиясына дер кезінде түзетулер енгізді, бұл пайда болған инфляциялық тәуекелдерді шектеуге және теңгедегі активтердің құнын қорғауға мүмкіндік берді.
«Сонымен бірге, пайыздық дәлізді 1,5 п.т. дейін кеңейту банктердің Ұлттық Банктен теңгемен қарыз алу құнын 13,5%-ға дейін ұлғайта отырып, нарыққа қатысушылар тарапынан айырбастау бағамына алыпсатарлық қысым көрсету мүмкіндігін шектеуге бағытталды. Ақша нарығындағы мөлшерлемелер пайыздық мөлшерлемелердің жаңартылған дәлізінің жоғарғы шегіне жақындап, 13,48%-ға жетті. Ұлттық Банк банктерге көлемі шектеусіз өтімділік беру бойынша операцияларды күн сайынғы негізде жүргізеді», – делінген хабарламада.
Сауданың сыртқы талаптарының күрт өзгеруі және шетел валютасы ұсынысының тапшылығы талаптарында валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық Банк жекелеген кезеңдерде жалғыз сатушы бола отырып, валюталық өктемдіктер жүргізді. Атап айтқанда, 2020 жылғы 10 наурызда бағамның негізсіз құбылмалылығын болдырмау үшін валюталық сауда-саттықта франкфурттық аукцион әдісі іске қосылды. Ұлттық Банк квазимемлекеттік сектордың, екінші деңгейдегі банктердің және айырбастау пункттерінің валюталық операцияларын үйлестірді және мониторинг жүргізді. Бұл өзгерген сыртқы жағдайлардың теңгенің айырбастау бағамына теріс әсерін төмендетуге мүмкіндік берді, ол 2020 жылғы 6 – 13 наурыз аралығында бір АҚШ доллары үшін 405,62 теңгеге дейін 6,1%-ға төмендеді.
Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2020 жылғы 27 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады