Еліміздегі ауруханаларда карантин жарияланды
Жарияланды
Медициналық мекемелерге кіруге тыйым салынды
Ауруханаларда карантин енгізілді. Бұл туралы республикалық телеарна эфирінде сөйлеген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
«Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымдар: бұл ауруханалар, медициналық және әлеуметтік мекемелер, қарттар үйі мен интернаттарда карантин енгізілді», – деді ол.
Бұл нысандар мен ұйымдарға баруға тыйым салынғанын атап өтті Біртанов. Тек медициналық қызметкерлерге рұқсат.
«Бұл науқастарды қорғау үшін жасалынып отыр. Сондай-ақ сурет және бейнежазба түсіруге тыйым салынды», – деді ол.
Еске салсақ, елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны 27 адамға дейін өсті.