Қазақстанда мешіттерде жұма намазы тоқтатылды
Жарияланды
Құдай ас беру де
Мешіттерде жұма намазы уақытша тоқтатылды,-деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
«Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне және вирустың таралу қаупінің жоғарылауына байланысты жұма намазы мешіттерде уақытша өткізілмейді. Әркім өз үйінде жұма намаздың орнына бесін намазын өтейді», – деп хабарлайды ҚМДБ.
Екіншіден, мешіттер жабылмайды, алайда бес уақыт намаз мешітте жамағатпен оқылмайды.
«Үшіншіден, мешіт жанында асханаларда өтетін құдай ас (жетісі, қырқы және жылы т.б.) уақытша тоқтатылады», – деп нақтылады ҚМДБ.
Еске салайық, елімізде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілді.