Қазақстанда тағы 3 адам коронавирус жұқтырды
Жарияланды
Барлығы 13 адам қауіпті вирусты жұқтырған
Денсаулық сақтау министрлігінің телеграмм каналында жазылған ақпаратқа сәйкес,17 наурыз күні тағы 3 адамнан коронавирус індеті анықталған.
Олардың үшеуі де Алматыда тіркелген.
Бүгін де елімізде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 13 ке жетті.
«Берлин-Минск ұшағы арқылы 13 наурызда ұшып келген 2018 жылы туылған кішкентай нәресте Алматы қалсындағы балалар инфекциялық аурухансына жатқызылды. Екінші науқас, 1966 жылы туылған азамат Мәскеуден бізге 10 наурыз күні ұшып келді, ол Алматыдағы көпсалалы медициналық орталыққа жатқызылды», – деді ДСМ ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Үшінші науқас та 10 наурыз күні Мәскеу қаласынан ұшып келген.
Барлығы 11 адам Алматыда, 2 адам Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелерде ем алып жатыр,