Жаңалықтар

«Тікұшақпен дәрі шашады» деген желідегі ақпарат жалған

Оны таратқандар жауапкершілікке тартылады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Whatsapp желісінде тараған «Бүгін сағат 23:00 мен 5:00 аралығында  дезинфекция үшін тікұшақпен дәрі шашады. Үйдің терезелері мен балкондарын ашуға, сондай-ақ сағат 23:00 кейін көшеге шығуға тыйым салынады» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл жайында Telegram желісінде айтты. ⠀

Жалған ақпарат таратқандар ҚР заңнамасымен қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. 


«Әлеуметтік желілерде жүрген жалған ақпараттарға емес, тек ресми деректерге сеніңіздер»,-деді министр.

Нақты ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің ресми сайтынан, министрлік пен комитеттің Facebook парақшасынан оқи аласыздар.