«Қатаң карантин кезеңінде қалай жұмыс істеу керектігі»,- туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Төтенше жағдай режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады»,- деп жазды мемлекет басшысы өзінің Twitter-аккаунтінде.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 32. Оның 17-сі Нұр-Сұлтанда, 15-і Алматыда. 19 наурыздан бастап аталған қалаларда карантин енгізіледі.