Жаңалықтар

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты

Олар Қытай, Италия, Иран, Испания және Германия елдерінің азаматтары

«Әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 200 мыңнан асып кетті»,- деп мәлімдеді Worldometer сайты. Сайт оны нақты статистикаға сүйене отырып жариялаған. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан жазады.

Дерт әсіресе бес бірдей елде ушығып тұр. Ол Қытай (80,8 мыңнан астам адам), Италия (31,5 мыңнан астам адам), Иран (16,1 мыңнан асады), Испания (11,8 мың) және Германия (9,8 мың) елдері. Инфекция жұқтырғандардың басым бөлігі сонымен қатар Оңтүстік Кореяда (8,4 мыңнан асады), АҚШ-та (6,5 мыңнан асады) және Францияда (7,7 мыңнан асады). 

Жалпы, коронавирус 167 шетелде және аймақта анықталған.

Бұл дерттен қазіргі уақытта 83 мың адам сауығып кетсе, ал 8 009 қайтыс болды.

Ал, Қазақстанда коронавирус алғаш рет 13 наурызда анықталды. Сол күні төрт бірдей оқиға тіркелді. Қазірдің өзінде 14 наурызда – алты, 15 наурыз – тоғыз, 16 наурыз – 10, 17 наурыз – 33, 18 –і 36 науқас тіркелді.
Пандемияға байланысты президент 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуір аралығында елде төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізіледі.