Павлодарда 112 адам карантинге алынды

Жарияланды
Олардың арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталмаған

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. 

«Қазіргі таңда 12 павлодарлық стационарлық бақылауға алынды. Тағы 25 адам үй жағдайындағы карантинде болса, 75 тұрғынның жағдайын дәрігерлер телефон арқылы тұрақты түрде бақылайды», – деді Асхат Оралов. 

Өңірде 544 медициналық қызметкер короновирус инфекциясын анықтау және емдеуге қатысты оқудан өткен. Сонымен қатар, облыс орталығында 150 орындық аурухана сыртқа шалдығу белгілері бар адамдарды қабылдауға қазір. 

Сонымен қатар, Асхат Оралов елімізде төтенше жағдай жарияланған тұста Павлодар облысында тиісті шаралар шұғыл түрде қолға алынғанын атап өтті. Мектеп оқушылары демалысқа ерте шығып, студенттер қашықтықтан оқуға көшкенмен, аймақтағы 394 мектепке дейінгі білім беру мекемесі штаттық тәртіпте жұмыс істеуде. 

«Ата-аналарға өтініш жазып, балаларын үйде қалдыруға рұқсат. Бұл аралықта балабақшадағы орны сақталады әрі ақы алынбайды», – деді Асхат Оралов.

Сонымен қатар, брифинг барысында осы аптада Павлодар облысына 20 мың дана медициналық бетперде әкелетіні айтылды. Алдымен олар емдеу мекемелеріне таратылады
 

Сондай-ақ оқыңыз