SCAT әуе компаниясы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты халықаралық рейстер кестесін өзгертті. Бұл туралы әуе компания хабарламасында мәлімдеді.
Форс-мажор жағдайларына байланысты келесі рейстер уақытша орындалмайды:
Ақтау – Тбилиси: 17 наурыз
Тбилиси – Ақтау: 27 наурыздағы рейсті қоспағанда, 17 наурыздан 15 сәуірге дейін
Шымкент – Мәскеу: 18 наурыз
Мәскеу – Шымкент: 18 наурыз
Ақтау – Баку: 17 наурыздан 15 сәуірге дейін
Ақтау – Мәскеу: 18 наурыз
Мәскеу – Ақтау: 19 наурыз
Ақтау – Махачкала: 23 наурыздан 15 сәуірге дейін
Ақтау – Астрахань: 20 наурыздан 15 сәуірге дейін
Нұр Сұлтан – Мәскеу: 19 наурыз
Мәскеу – Нұр Сұлтан: 19 наурыз
Ақтау – Краснодар: 23 наурыздан 15 сәуірге дейін
Ақтау – Минеральные воды: 21 және 24 наурыз, сонымен қатар 31 наурыздан 15 сәуірге дейін
Нұр Сұлтан – Прага: 19 наурыз
Прага – Нұр Сұлтан: 19 наурыз
«Әуе компания жоғарыда көрсетілген рейстердің жолаушыларына билеттердің ақшасын қайтару туралы өтініштерді қабылдады.»,-делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай 16 наурыз 8: 00-ден бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен енгізіліп, 15 сәуірге дейін күшінде болады.
Бұған дейін, 19 наурыздан бастап, COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты, Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізіледі деп хабарланған болатын. Мемлекеттік комиссия қосымша шектеу, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар енгізу туралы шешім қабылдады.