Әскери және полиция қызметкерлері коронавируске күдіктілерді іздестіруде
Жарияланды
Құқық қорғау органдары 12 мыңнан астам полиция және әскери қызметкерін жұмылдырды
Ішкі істер органдарының жеке құрамы төтенше режимге өтті. Бұл туралы брифингте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты төтенше жағдай енгізілді. Полицияның сегіз мыңнан астам қызметкері мен Ұлттық гвардияның төрт мың мүшесі барлық жағдайды бақылауға алады »,-деді министр.
Сондай-ақ ,полиция бөлімдерінің бейнебақылауы арқылы қоғамдық орындардағы бақылау күшейтілді.
«Өкінішке орай, карантиннен құтылу үшін және вирусты жұқтырған науқастар өздерінің байланыста болған адамдар туралы ақпарат беруден бас тарту жағдайлары болды. Осы адамдарға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда »,-деді Тұрғымбаев.