Алматыда өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапановтың мәліметінше, қалаға тек арнайы қызмет өкілдері ғана кіріп шығады.
«Қарасай ауданында орналасқан қоқыс полигонына 330 көлік ғана барып келе алады. Олар санитарлық тексерістен өтеді. Олардың барлығын жол патруль көліктері алып жүреді. Қазір бізге инкассация көліктері де жүгініп жатыр. Оларды да өткізетін боламыз. Барлық көліктер 27 блок постта санитарлық өңдеуден өтеді»,- Қожағапанов.
«Қала жабық болатындықтан ешқандай рұқсат қағазы болмайды. Комиссия қалаға маңызды жүк таситын көліктер мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін көліктердің кіруіне ғана рұқсат береді. Карантин талабы –осы. Біз бұл вирусты осы қалада жеңуіміз керек», – деді ол.