Елордада енді қант, ұн, күріш және қарақұмық бір адамға тек бес келіден сатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев брифингте мәлімдеді.
«Күріш, ұн, қант, кептірілген жеміс жидектер қапталған күйде сатылуы керек. Бұл талап көкөніс пен жеміс-жидектерге қатысты емес. Яғни, дүкенге бір барғанда әр өнімнен ең көбі бес-бес келі ғана сатып ала аласыз «, – деді ол.
Карантинге байланысты базар, ірі сауда орталықтары, дәмхана, асхана, мейрамханалар жұмысын тоқтатты. Олар онлайн жеткізу арқылы жұмыс істейді