Нұр-Сұлтанда автобустар кешкі тоғызға дейін жұмыс істейді
Жарияланды
Қалада қоғамдық көліктер саны азайды
Нұр-Сұлтан аумағында карантинге байланысты қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте «Қалалық көлік жүйелері (КТС)» ЖШС директоры Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді.
«Бағыттардың саны азайды. Қазіргі уақытта, 856 қоғамдық көліктердің саны 676 дейін қысқарды. Қаладағы жолаушылар тасымалы 40 пайызға төмендеген», – деді Игенбердинов.
Сонымен қатар, қала маңындағы қоғамдық көліктердің кестесі өзгерді. Енді 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
19 наурыздан бастап, COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты, Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілді.