Елордада індетті жұқтырғандардың арасында 14 жасар жасөспірім бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Кисикова хабарлады.
Жасөспірімді Германиядан ұшып келген анасы жұқтырғанын атап өтті Кисикова.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус 13 наурызда анықталған. Сол күні төрт оқиға тіркелді. 14 наурызда – алты науқас, 15 наурызда – 9, 16 наурыз – 10, 17 наурыз – 33, 18 наурызда – 36 науқас тіркелді.
Коронавирустық пандемияға байланысты президент 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуірі аралығында бүкіл елде төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізілді.