Ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыру ықпалын шектеу үшін және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жәрдемдесу мақсатында Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірге 2020 жылдың 19 және 20 наурызында теңге-доллар валюта жұбын Франкфурт аукционы түрінде сату шешімін қабылдады.
«Франкфурт аукционы түріндегі сауда-саттық жүргізу туралы шешім клиенттердің қолындағы өтінімдерді қанағаттандырады және валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермейді»,-делінген мәлімдемеде.
Сауда-саттықтың режимі туралы ақпарат жария мәлімдеме арқылы таратылады. Бұл әдіс бағаны тұрақтандырып қана қоймай, бәсекені арттыруға көмектеседі екен.