Алматы карантинге жабылғаннан соң одан 15 мың көлік шығып кетті. Бұл туралы Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов хабарлады.
«19 наурызда тәулік ішінде 27 блок бекет арқылы 4 383 көлік, 45 956 адам кірсе, 3 884 көлік, 47 325 адам шыққан. 20 наурызда 17 810 көлік, 49 018 адам кірсе, 10 772 көлік, 54 700 адам шығып кеткен. Блок бекеттердегі ахуал тұрақты», – деді ол.
Осылайша, карантиннен Алматыдан 102 025 адам шығып кеткен. Ал 94 974-і қалаған кірген.
Оның айтуынша 22 наурыз күні сағат 00: 00-ге дейін қалаға кіруге немесе одан шығуға мүмкіндік бар екен.