Стамбулда Түркіменстаннан келген еңбек мигранттары жасанды арақтан уланған деп хабарлайды түрік CNN агенттігі.
Түркімендер коронавирусты залалсыздандыру үшін алкоголь сатып алған. Алайда оны жаппай ішкен мигранттардың 15 –і уланып қайтыс болды. Ал 60 адам ауыр жағдайда реанимацияға түсті.
Жергілікті полиция қызметкерлері жасанды арақты сатумен айналысатын жеті адамды ұстады.
20 наурызда Түркияда коронавирусты жұқтырғандардың саны 359 жетті. Ал, қаза болған төрт адам тіркелді.