Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығымен Айжан Есмағамбетова елдің бас санитар дәрігері болып тағайындалды,-деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
«Біз ақпаратты растаймыз. Министр Елжан Біртановтың бұйрығымен Айжан Есмағамбетова еліміздің бас санитар дәрігер болып тағайындалды. Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің орынбасары (төрағасы) болып қалды», – деді ол.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин 11-16 наурыз аралығында Қазақстанға коронавирус келеді деген болжам жасаған. Коронавирустың алғашқы жағдайы 13 наурызда тіркелді.