Тоқаев Путиннен Ресейдегі қазақстандықтарды қайтаруды сұрады

Жарияланды
Путин келісті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы тілдесті. Сөйлесу барысында, Ресейден транзиттік жолаушы ретінде, қазақстандықтарды қайтаруды сұрады,-деп хабарлайды Ақорда.

Ресей үкіметі мәселені шешуге барынша көмек беретіндігін мәлімдеді.

Әңгіме барысында президенттер індеттің  таралуын болдырмау шараларын талқылады. Сонымен қатар, Путин Қазақстанға COVID-19 қарсы сынақ тестерін гуманитарлық көмек ретінде беретін болды. 

Сондай-ақ оқыңыз