Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы тілдесті. Сөйлесу барысында, Ресейден транзиттік жолаушы ретінде, қазақстандықтарды қайтаруды сұрады,-деп хабарлайды Ақорда.
Ресей үкіметі мәселені шешуге барынша көмек беретіндігін мәлімдеді.
Әңгіме барысында президенттер індеттің таралуын болдырмау шараларын талқылады. Сонымен қатар, Путин Қазақстанға COVID-19 қарсы сынақ тестерін гуманитарлық көмек ретінде беретін болды.