Туристік жолдама құнын қайтару үшін қайда барған дұрыс

Жарияланды
«Тұтыну нарығы» бөлімінің редакторы
Ақша толықтай қайтарыла ма

Туристік қызмет туралы заңның 17-бабына сәйкес, туроператорлар нақты шығындарды есептемегенде, жолдама қаражатын қайтарылады. Бұл туралы  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Дастан Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты. 

«Туристік операторлар мен туристік агенттіктерге бір мезетте қаптаған қоңыраулар түсетінін және бұл ақшаны бірден қайтара алмайтындығын атап өткім келеді»,-деді ол. 

Сонымен бірге, спикер туроператорлардың шетелдік серіктестері алдында міндеттемелері бар екенін еске салды.

«Яғни, өздеріңіз білетіндей, біздің туристік операторларымыздың шетелдегі серіктестері алдындағы міндеттемелері бар, олар әуе рейстері мен қонақүйлер үшін алдын-ала төлем жасады. Яғни, шетелдегі серіктестермен мұндай даулы мәселелерді шешу үшін де біраз уақыт қажет», – деді Дастан Рыспеков.

Сонымен қатар, Рыспеков азаматтарға осындай жағдайға сабырлылық пен түсіністік танытуды сұрады.  Шынында да, өте өзекті мәселе туындап отыр. 
 

Сондай-ақ оқыңыз