6 сәуірден бастап мектеп оқушылары қашықтан оқиды
6 сәуірден бастап қазақстандық мектептер төртінші тоқсанды қашықтан оқытуға көшеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
«Қазір Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру тетіктерін пысықтауда. Бұл жөніндегі барлық жаңалықтарды жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз. Біз барлығын алдына ала хабарлаймыз», – деді Дәурен Абаев.
Осыған орай «Еларна» мен «Балапан» телеарналарынан оқушыларға арналған бейне сабақтар көрсетіледі.
«Бірақ, бұл қосымша шара. Осыны қайталап айтқым келеді. Аталған бейне сабақтарды Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Олар сабақты «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде, ал «Еларнада» орыс тілінде көрсетеді», – деді ақпарат министрі.